Израиль өкілетті елшісі Чикагода протест етілді

Израильдің Вашингтондағы өкілетті елшісі Чикаго сапары кезінде «Anshe Emet» атты синагога алдында протест етілді.

986901
Израиль өкілетті елшісі Чикагода протест етілді

Израильдің Газа шекарасындағы «Ұлы көш шеруіне» қатысқан жазықсыз палестиналық журналист пен денсаулық қызметкерлеріне бағытталған шабуылдары, АҚШ-тың Чикаго қаласында протест етілді.

Израильдің Вашингтондағы өкілетті елшісі Рон Дермердің Чикаго сапары кезіндегі протест қаланың Lake View аймағындағы «Anshe Emet» атты синагогасы алдында ұйымдастырылды. Шеруге 100-ден астам адам қатысты.

Израильдің аймақта жасаған шабуылдарының «қырғын» екені атап көрсетілген шеруде Палестина жалауларына қоса жаралыларға көмектескен ерікті медбике Реззан эн-Нежжар мен шабуылдарда шәйіт болғандардың фотосуреттері бар плакаттар ашылды.

Әртүрлі мәдениеттен, аймақтардан келген ондаған адамның басын қосқан шеруге Израиль текті американдық және еврейлер де қатысты.



Ұқсас жаңалықтар