Израиль НАТО жаттығуына қатысады

Бұл НАТО күштерімен бірге Израиль қатысатын бірінші жаттығу болмақ.

985418
Израиль НАТО жаттығуына қатысады

Израиль Америка Құрама Штаттарының басшылығында НАТО-ның «Қылыш соққысы 2018» жаттығуына қатысады.

Бұл НАТО күштерімен бірге Израиль қатысатын бірінші жаттығу болмақ.

«Қылыш соққысы 2018» жаттығуы айырықша Польша, Литва, Латвия және Эстонияда болатын тұңғыш ірі әскери жаттығу болады.

Израиль жаттығудың шағын екінші бөліміне қатысады.

Әскери жаттығуға АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Канада, Литва, Латвия, Голландия,  Македония,  Польша, Испания, Румыния, Норвегия, Чехия және Норвегия қатысуда.

Жаттығу Одақтастықтың шығыс қанатын қорғауды және одақтас елдер арасындағы бірлікті көрсетуді мақсат етеді.



Ұқсас жаңалықтар