Король Абдуллах АҚШ делегациясын қабылдады

Иордания Газа секторында Израильдің оқиғаларды асқындырған қақтығыстарын айыптады.

980337
Король Абдуллах АҚШ делегациясын қабылдады

Иордания Газа секторында Израильдің оқиғаларды асқындыратын қақтығыстарын айыптады және мұны қабылдамағандарын білдірді.

Иордания королі Абдуллах ІІ АҚШ Конгресінің республикашыл мүшесі Даррель Исса және қасындағы делегацияны Аммандағы Әл-Хусейнийе сарайында қабылдауында Палестина-Израиль келіспеушілігін екі мемлекетті шешім және бас қаласы Шығыс Иерусалим болған тәуелсіз бір Палестина мемлекетін құру негізге ала отырып, тараптар арасында ықпалды келіссөздерді бастау керектігін атап көрсетті.

Корольдік жасаған жазбаша мәлімдемеге қарағанда, кездесуде АҚШ-Иордания стратегиялық ортақтығының жетілдірілуі және екі елдің ортақ салаларын қамтыған тақырыптар қолға алынды.

Король Абдуллах ІІ АҚШ Өкілетті елшілігінің Иерусалимге көшірілуінің артынан Палестинада болған жаңалықтарды қолға алып, елінің Газа секторында Израильдің оқиғаларды асқындырған қақтығыстарды айыптағанын және мұны қабылдамағандарын тілге тиек етті.

АҚШ делегациясы атынан сөз алған Исса болса король Абдуллахқа өз басшылығында аймақтағы әртүрлі мәселемен шұғылданып, аймақтағы бейбітшілік, тұрақтылық және қауіпсіздікті орнату үшін ортаға қойған талпынысы үшін алғысын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар