Израиль Газа секторына әуе шабуылы жасады

Израиль соғыс ұшақтары кеше Хамастың қарулы қанаты Иззеттин Әл-Кассам бригадасына шабуылдады.

979663
Израиль Газа секторына әуе шабуылы жасады

Израильдің Газа секторының оңтүстігінде орын алған Рафах қаласына шабуылында 2 палестиналық қаза тапты.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі Израиль армиясының танкпен шабуылы салдарынан 2 палестиналықтың қаза тапқанын жариялады.

Израиль соғыс ұшақтары кеше кешкі уақытта Хамастың қарулы қанаты Иззеттин әл-Кассам бригадасына тиесілі Айн Джалут және Хашшашин аймақтарындағы екі орталыққа әуе шабуылы жасады.

Палестина Денсаулық сақтау ақпарат көздеріне қарағанда аталмыш шабуылдарда адам шығыны болмады.

Израиль тарапынан тақырыппен байланысты әлі бір мәлімдеме жасалмады.



Ұқсас жаңалықтар