ТИКА жетімдерге ауызашар берді

Ауғанстанда жетімдерге ауызашар берді.

977309
ТИКА жетімдерге ауызашар берді

Түрік Ынтымақтастық және координация басқармасы Ауғанстанда жетімдерге ауызашар берді.

ТИКА-ның жазбаша хабарламасына қарағанда,  Герат қаласындағы Биби Сүмейе жетімдер үйіндегі жетім балалар үшін ұйымдастырылған ауызашарға ТИКА Стратегиялық даму департаментінің төрағасы Толга Кескин, Герат Қажылық басқармасы басшысы Сейид Ахмет Ширзади,  Герат бас прокуроры Хаже Абдулхак Ахмеди,  Герат Сауда басқармасы басшысы Джемиле Бахадыри және Ауғанстан Әйелдер одағы төрайымы Мария Бешир де қатысты.

Ауызашар бағдарламасы Құран Кәрім оқумен басталды.  Артынан Қыздар хоры діни әндер шырқады.

Герат Қажылық басқармасы басшысы Ширзади түріктердің ғасырлар бойы Исламға қызмет еткенін атап көрсетті.  Ол ТИКА-ның Герат қаласына көмектескеніне де риза екендерін айтты.



Ұқсас жаңалықтар