Грекия төңкерісшілерге баспана құқығы берді

Грекияда Мемлекеттік Кеңес төрешілері террор ұйымы FETÖ мүшелеріне паналау құқығы беруге шешім қабылдады

977915
Грекия төңкерісшілерге баспана құқығы берді

Грекияда Мемлекеттік Кеңес Фетуллахшы террор ұйымы FETÖ-нің 2016 жылы 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінің артынан бұл елге қашқан төңкерісшілерге паналау құқығы беруге шешім қабылдады.

Мемлекеттік Кеңестің жалпы кеңес жиналысында Грекия үкіметінің Баспана басқармасы тарапынан төңкерісшілерден Сүлейман Өзкайнакчыға берілген паналау құқығын жою туралы наразылығы бағаланды.

Мемлекеттік Кеңес төрешілері үкіметтің шешімге қатысты наразылығын қабылдамай, төңкерісшілерге баспана құқығы берілуін бекітті.

Өзкайнакчы жайлы қабылданған шешім басқа төңкерісшілердің сұраныстары тұрғысынан үлгі ретінде қабылданғандықтан, басқа төңкерісшілерге де баспана құқығы беру шешімі бекітілді.

Грекия баспасөзінде Грекиядан баспана құқығы алып босатылатын төңкерісшілерге берілетін саяхат құжаттарымен басқа Еуропа елдеріне бара алатындары атап көрсетілді.

Грекия баспана басқармасына қарасты комиссиялардың шешімімен қазірге дейін Өзкайнакчыға қоса, Ахмет Гүзел атты төңкерісшіге де баспана құқығы беріліп, екі төңкерісшінің болса 18 айлық қамауда тұру мерзімі аяқталғандықтан еркін жіберілгені білдірілді.

Еркін жіберілген 4 төңкерісшінің тығыз қауіпсіздік шаралары аясында Афины шетіндегі басқа бір қаладағы үйде екендері атап көрсетілді.

Қазірше полиция бөлімшесіндегі 4 төңкерісшінің де айдың соңында тергеу мерзімдері аяқталғаны себепті босатылатыны хабарланды.

Түркияның төңкерісшілерге бағытталған 3 ұстап беру сұранысы грек соты тарапынан қабылданбаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар