Рухани АҚШ-қа наразылық көрсетті

Иран президенті Хасан Рухани Америка Құрама Штаттарына наразылық көрсетті.

975988
Рухани АҚШ-қа наразылық көрсетті

Иран президенті Хасан Рухани Америка Құрама Штаттарына наразылық көрсетті.

Хасан Рухани АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Америка Құрама Штаттарының жаңа Иран саясаты және қолданатын шаралары жөніндегі мәлімдемелерін қатал түрде айыптады.

АҚШ-тың қысыммен шешімдерін атқарғысы келгенін, алайда мемлекеттердің тәуелсіз екенін және бұл жағдайды қабылдамайтынын білдірген Рухани «АҚШ тыңшылық орталығындағы кісі қазір мемлекет хатшысы болды. Ол кісі не жасалуы керектігі жөнінде шешім жасауда. Сен кім боласың? Иран және әлем жайлы шешім жасайсың?» деген сөздер қолданды.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео АҚШ-тың Иранннан талап еткен 12 баптық бір тізім жариялаған. Помпео Иранға қарсы «Өте үлкен қаржы эмбарго» жасайтындарын баяндаған.        

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Помпео Иран бағытын өзгертпейтін болса, онда АҚШ-тың атқаратын шараларының қатал болатынын білдірген.


Этикеттер: #АҚШ , #Иран

Ұқсас жаңалықтар