Иракта үкімет құру жұмыстары

Елде төрттік үкімет құрылуы мүмкін.

975230
Иракта үкімет құру жұмыстары

Иракта 12 мамыр күні болған сайлауда жеңіп шыққан шиіт басшы Муктеда әс Садр қолдаған Саирун коалициясы төрттік одақтастық қалыптастырады.

Коалиция Хашди Шабиге қарасты Фетих, премьер-министр Хайдар Абадинің Насыр және Аммар әл Хекимнің Ұлттық Хикмет коалициясымен үкімет құратын болды.

Парламентке 20 депутаты жолдайтын Ұлттық Хикмет коалициясының баспасөз мәлімдемешісі Мұхаммед Джемил Маяхи: «Бірнеше күн ішінде Саирун,  Фетих,  Ұлттық Хикмет және Насыр коалицияларынан төрттік үкімет құрылады» деді.

Сайлауда Садрдың қолдауын алған Саирун коалициясы 329 орынды парламентте 54 орын жеңіп алған болатын.

Хади әл Амири басшылығындағы Фетих коалициясы 47 орын, премьер-министр Хайдар Абади басшылығындағы Насыр коалициясы 42 орын алған болатын.

Киркукте 3 орын алған түрікмендер болса сайлауда заңсыздық жасалды деп наразылықтарын жалғастыруда.



Ұқсас жаңалықтар