ЕО мен Иран ядролық келісімді болымды атмосферада жалғастырады

Еуроодақ жоғары өкілі Федерика Могарини ядролық келісімнің жалғастырылуы үшін Тегеран әкімшілігімен келіскендерін мәлімдеді.

972130
ЕО мен Иран ядролық келісімді болымды атмосферада жалғастырады

Еуроодақ Сыртқы қатынастар және Қауіпсіздік саясаттары Жоғары өкілі Федерика Могарини Иран ядролық келісімін толығымен болымды бір атмосферада жалғастыруды Тегеран әкімшілігімен бекіткендерін атап көрсетті.

Германия, Франция, Ұлыбритания (E3) және Иран Сыртқы істер министріне қоса кездесуге қонақжайлық жасаған Могарини жиналыстың артынан баспасөз жиналысы өткізді.

Могарини «Иран ядролық келісімін толығымен болымды бір атмосферада жалғастыруды Тегеран әкімшілігімен бекіттік» деп, келісімді маңызды бір дипломатиялық табыс ретінде бағалады.

Иран мен E3 елдері арасында тақырыппен байланысты дипломатиялық қарым-қатынастарды әр салада арттыру тақырыбында келіскендерін атап көрсеткен Могарини тараптардың мамандарының жұмыстарын бастағанын білдірді.

Могарини келесі апта Иранның да қатысуымен сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде Австрияның бас қаласы Венада жиналатындарын атап, Еуроодақ Комиссиясының колледж жиналысында да бұл тақырыпты қолға алатындарын білдірді.

Тек қана Еуроодақ деңгейінде емес, мүшелердің өз ұлттық мүдделерін қорғау үшін толықтырушы шаралар тақырыбында болса жұмыс істейтіндеріне назар аударған Могарини Иранмен экономикалық ынтымақтастықты тереңдетудің маңызына тоқталды.

Могарини «Иранға бағытталған заңдық және экономикалық кепілдіктер жайлы сөз қозғауым бәлкім мүмкін емес. Бірақ Еуроодақ пен Иран маңызды және тұрақты түрде жұмыстарын жалғастырады» деді.

Могарини қазірше мамандардың топтық жиналыстарын бастағанын, жағдайды тез шешу керектігін байқағандарын атап, «Еуроодақ пен Иран ядролық келісімді қысқа мерзімде құтқару үшін жеңіл шешім ізденістерін жалғастыруда» деді.



Ұқсас жаңалықтар