Йеменнен Сауд Арабиясына баллистикалық зымыран шабуылы

Шөлге құлаған баллистикалық зымыранды хоуситтердің лақтырғаны білдірілді.

971133
Йеменнен Сауд Арабиясына баллистикалық зымыран шабуылы

Йеменде әкімшілікке қарсы болған хоуситтер Сауд Арабиясының Джазан уәлаятына баллистикалық зымыран лақтырды. Зымыран шөлге құлады.

Сауд Арабиясы ресми хабар агенттігі SPA-да орын алған хабарға қарағанда коалиция күштерінің мәлімдемешісі Түрки Әл-Малики Иран қолдау берген Хоуситтердің Сада уәлаятынан Джазан қаласына баллистикалық зымыран шабуыл жасағанын атап көрсетті.

Малики баллистикалық зымыранның Джазандағы бейбіт тұрғын аймағын нысанаға алуы үшін лақтырылғаны, бірақ зымыранның шөл аймағына құлағанын білдірді.

Хоуситтерге тиесілі Әл-Месире телеарнасы хабарында Джазанда Сауд Арабиясының мұнай фирмасы Арамконың бір өңдеу жайынын баллистикалық зымыранмен нысанаға алынғанын алға тартты.



Ұқсас жаңалықтар