Астанада Сирия тақырыбындағы жиналыс басталды

Қазақстанның елордасы Астанада 9-ші Сирия тақырыпты жиналыс бастады.

970015
Астанада Сирия тақырыбындағы жиналыс басталды

Қазақстанның елордасы Астанада барлық кепілгер елдердің делегацияларының қатысуымен Сирия бойынша Астана процесі аясында екіжақты және үшжақты келіссөздер басталды.

Астанада өткізілген 9-ші Сирия тақырыпты жиналыс Түркия сағаты бойынша 08.00-де Ресей және Иран арасындағы екіжақты келіссөздермен басталды.

Ресей делегациясының басында президент Владимир Путиннің арнайы өкілі Александр Лаврентьев, Иран делегациясының басында сыртқы істер министрі орын басары Хүсейін Джабири Енсары орын алуда. Түркия делегациясына сыртқы істер министрлігі кеңесшісі Седат Өнал төрағалық жасауда.

Сирия бойынша БҰҰ Бас хатшысының арнайы уәкілі Стаффан де Мистура да жиналысқа қатысады. Иорданияның бақылаушылары да жиналыста орын алады.

Астанадағы Сирия бойынша келіссөздердің осы раундына АҚШ делегациясы қатысудан қалыс қалған.

Астанадағы келіссөздер барысында тараптар Сириядағы қазіргі жағдайды, гуманитарлық мәселелерді және сенімді нығайту шараларын талқылайды, сондай-ақ осы араб еліндегі дағдарысты реттеу процесін дамытуды үйлестіру мәселелерін қарауға ниетті.

 


Этикеттер: #Қазақстан , #Астана

Ұқсас жаңалықтар