PKK террор ұйымы Германияда 2017 жылы 1 мың 28 қылмыс жасады

Неміс Федеральдық Ішкі істер министрлігі '2017 жылы қылмыстық статистика рапортын' жариялады.

967150
PKK террор ұйымы Германияда 2017 жылы 1 мың 28 қылмыс жасады

Бөлшектеуші террор ұйымы PKK жақтаушылары өткен жылы Германияда барлығы 1 мың 28 қылмыстық әрекет жасады. Олардың арасында 151 қақтығыс әрекеті тіркелген.

Федеральдық Ішкі істер министрі Хорст Сеехофер (Horst Seehofer) PKK террор ұйымының Германияның 2017 жылы қылмыстық статистика рапортын жариялады.

Сеехофер Берлиндегі мәлімдемесінде «2017 жылы қылмыстық статистика рапортында» орын алған мағлұматтарға қарағанда бөлшектеуші террор ұйымы PKK жақтаушыларының Германияда жалпы ‘1 мың 28 қылмыстық әрекеттің жауаптысы’ екенін атап көрсетті.

Жылдық қылмыстық статистикаға қарағанда, PKK жақтаушылары тарапынан жасалған 1 мың 28 қылмыстық қимылдың 151-інде қақтығыс шыққаны тіркелген.

Террор ұйымы PKK мен жақтаушыларының демократиялық іс-шара деп көрсеткен қылмыстық әрекеті 2016 жылы 1 мың 200 болып тіркелсе, өткен жылы бұл көрсеткіш 745 болып жүзеге асқан.



Ұқсас жаңалықтар