Иран мәжілісінің кейбір депутаттары АҚШ жалауын өртеді

Иран мәжілісінде АҚШ президенті Дональд Трамптың шешіміне наразылық көрсеткен кейбір депутаттар АҚШ жалауы мен ядролық келісім мәтінін өртеді.

967398
Иран мәжілісінің кейбір депутаттары АҚШ жалауын өртеді

Иран мемлекеттік телеарнасының хабарына қарағанда мәжілістің азанғы отырысында кейбір депутаттар АҚШ-қа қарсы ұрандар тастады.

АҚШ-тың кеше ядролық келісімнен шығуына наразылық көрсеткен ирандық депутаттардың кейбіреулері де мәжілістегі отырыс кезінде АҚШ байрағымен ядролық келісім мәтінін өртеді.

Иран Мәжіліс төрағасы Али Ларижани АҚШ президенті Дональд Трамптың келісімнен шығу шешімі жайлы «АҚШ-тың келісімнен шығуы Трамптың мәселелерді шешу үшін жеткілікті ақылының болмағанын көрсетеді» деп мәлімдеді.

Ларижани «Иран Атом энергиясы мекемесі ядролық жұмыстарды қайтадан бастау үшін толығымен дайын болуға тиісті» деді.



Ұқсас жаңалықтар