Ирактық депутатқа жанкешті шабуыл жасалды

Ұлттық Ирак күштері коалициясы депутаты Зәйтүн эд-Дулейми шабуылдан құтылса да, баласының жарақат алғаны білдірілді.

966925
Ирактық депутатқа жанкешті шабуыл жасалды

Иракта мәжілісінің депутаттарынан Зәйтүн эд-Дулеймидің керуеніне ДАИШ террор ұйымы тарапынан жанкешті шабуыл жасалды.

Ирактың ең үлкен Сүннит саяси қозғалысы Ұлттық Ирак күштері коалициясы депутаты Дулейми шабуылдан құтылса да, баласы жарақат алды.

Бағдат полиция дирекциясы лауазымдыларының бірі аға-лейтенант Тарык Абдуррахман террор ұйымы ДАИШ-ке мүше жанкештінің Бағдаттың эд-Дура ауданында Дулеймидің керуеніне шабуылдағанын атап көрсетті.

Кейін болса аймақта жасырынған террористердің қарулы шабуыл жасағанын білдірген Абдуррахман «Дулейми шабуылдан жарақат алмай құтылды, бірақ баласы жараланды. Шабуылдаушылар оқиға орнынан қашты, қауіпсіздік күштері аймақта операция бастады» деді.



Ұқсас жаңалықтар