Солтүстік Корея Жапонияны айыптады

Солтүстік Корея Жапонияның Корея түбегінде азайған қызуды арттырумен айыптады.

966420
Солтүстік Корея Жапонияны айыптады

Солтүстік Кореяның ресми «Rodong Sinmun» газетінің хабарына қарағанда Жапонияның Пхеньян ядролық қару ынтасын толығымен бір шетке тастамайынша, қазір жалғасқан санкциялар мен үлкен қысымдарды ашық түрде қолдағанын білдірді.

Хабарда Жапония бұл ұстанымымен қызуды одан да арттыруға тырысумен айыпталды. Солтүстік Корея басшысы Оңтүстік Корея мемлекет басшысы Мун Джэ-Ын мен екі ел арасындағы Панмунжом атысты тоқтату ауылында 27 сәуір күні бас қосқан болатын.

Кездесудің артынан қол қойылған Панмунжом декларациясымен бейбітшілік жайлы тарихи бір келісімге қол қойылған еді.

Басшылар Корея түбегінің ядролық қарулардан тазалануы және қазіргі атысты тоқтатудың АҚШ пен Қытайға қоса үштік және төрттік келіссөздермен тұрақты бейбітшілік келісіміне айналдыру тақырыбында ортақ көзқарасқа келген болатын.

АҚШ президенті Дональд Трамптың бірнеше аптадан кейін Солтүстік Корея басшысы Киммен басқосуы күтіледі.



Ұқсас жаңалықтар