Никола Пашинян Арменияның жаңа премьер-министрі

Армения паламентінде бүгін болып өткен екінші дауыс беруде оппозициядағы Никола Пашинян премьер-министр сайланды.

966443
Никола Пашинян Арменияның жаңа премьер-министрі

Арменияда бір айдан бері жалғасқан наразылық шерулеріне басшылық жасаған  оппозициядағы Никола Пашинян парламентте өткен дауыс берудің артынан премьер-министр ретінде сайланды.

Пашинян 42-ге қарсы, 59 қабылдау дауысымен жаңа премьер-министр болды.

Парламентте алдынғы апта болып өткен дауыс беруде Пашинянға 45 дауыс шыққан еді. Алайда оппозициядағы басшыны премьер-министр болып сайлауға жетпеді. Осы апта жағдай өзгеріп, Пашинянды сайлау үшін қажетті дауыс жиналды.

Пашинянның парламенттегі алғашқы дауыс беру кезеңінде парламентте көпшілік орынға ие Республикашыл партияның қолдау бермеуі себепті сайлана алмаған Пашинян жақтаушысы он мыңдаған адам шеруге шықты.

Бүгінгі екінші дауыс беру кезінде келісім жасалуы жалпыхалықтық ерте сайлау ықтималын жойды.



Ұқсас жаңалықтар