Әлемде қорғаныс саласындағы қаражат көбейді
Әлемде қорғаныс саласында жұмсалған қаражаттары 2 триллион долларға ұласты.
Әлемде қорғаныс саласында жұмсалған қаражаттары 2 триллион долларға ұласты.
Стокгольм бейбітшілік зерттеу институты тарапынан жарияланған жылдық рапорт бойынша жаһандық қорғаныс қаржылары өткен жылы 1,1 пайыз артып, 1 триллион 739 миллиард долларға көтерілді.
Рапортқа қарағанда Германияның қорғаныс қаржылары 44 миллиард 300 миллион доллармен 1999 жылынан кейін ең жоғарғы деңгейге шықты.
Германия қорғаныс бюджеті әлемде 9-шы орында.
Рапортта 15-шы орында болған Түркияның қорғаныс саласына 18 миллиард 200 миллион доллар бөлгені білдірілді.
Қорғаныс саласында қаражат жұмсауда Америка Құрама Штаттары бірінші орынды иелеуде.
АҚШ-тың қорғаныс бюджеті екінші орындағы Қытайдың әскери қаражатынан екі есе көп.
Рапортқа қарағанда Ресей әскери қаражаттарын биыл 20 пайыз азайтып, 66 миллиард 300 миллион долларға кемітті.
Ұқсас жаңалықтар
Лондон-Сингапур рейсі турбуленттілікке кіріп, 1 адам қаза тапты
Сингапур әуе жолдары ұшағының Суварнабхуми халықаралық әуежайына шұғыл қонғаны хабарланды.
Лавров Палестина мемлекетін құрудың маңызына тоқталды
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанда баспасөз мәслихатын өткізді.