Жапон премьер-министр Израильде

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ Таяу Шығыс туры аясында Израильге барды.

963024
Жапон премьер-министр Израильде

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Иран және P5+1 елдері (АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Франция, Ресей және Германия) арасында 2015 жылы қол қойылған ядролық келісімнің Тегеран әкімшілігінің жалғандарына сүйенгенін алға тартты.

Израиль премьер-министрлігі жасаған жазбаша мәлімдемеде Таяу Шығыс туры аясында ресми сапармен Израильге келген Жапония премьер-министрі Синдзо Абэдің Батыс Иерусалим премьер-министрлік офисінде Беньямин Нетаньяхумен бас қосқаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде Нетаньяхудың жапон әріптесімен бірге өткізген баспасөз жиналысында Иранның ядролық қару өндіру үшін құпия бір бағдарлама аясында жұмыстанғаны жайлы қауесеттерін қайталады.

Нетаньяху «Иран ядролық бағдарламасымен байланысты барлық жоспарларын табысты түрде сақтады. Дегенмен ядролық қару қаламағандар жоспар жасамайды. Бұл келісім (Тегеран мен P5+1 елдері арасындағы келісім) Иранның өтіріктері мен жалған ақпараттарына сүйенген нашар бір келісім болып табылады» деді.

Израиль премьер-министрі Нетаньяху дүйсенбі күні жасаған мәлімдемеде Израиль барлау ұйымының Иранның ядролық қару өндіру үшін құпия бір бағдарлама жайлы жұмыстанғаны жөнінде дәлелдерге қол жеткізгенін алға тартқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар