Араб Одағы Марокконың Иран шешімін қолдады

Араб Одағы Иранмен дипломатиялық қарым-қатынасты үзу туралы шешім қабылдаған Марокконы қолдағанын жариялады.

963062
Араб Одағы Марокконың Иран шешімін қолдады

Араб Одағы мәлімдемешісі Махмуд Афифи жасаған жазбаша мәлімдемеде «Араб Одағы ішкі істеріне бағытталған қауіпті және қабылданбайтын әрекеттері себепті Иранмен дипломатиялық қарым-қатынасын тоқтатуға шешім қабылдаған Марокконы қолдайды» делінді.

Сауд Арабиясында болып өткен Араб Одағы саммитінде Иранның операциясымен байланысты қабылданған шешімнің арабтардың бұл тақырыптағы ұстанымын ортаға қойғанын білдірген мәлімдемеде «Араб елдерінің Иранның тұрақсыздандыру және хаосты тарату нысанасына қарсы болған оқиғаға үнсіз қарамау керектігі атап көрсетіледі» делінді.

Марокко Сыртқы істер министрі Насыр Бурита «Хизбуллах террор ұйымы мен Палисарио майданы арасындағы ынтымақтастықтың ел қауіпсіздігі мен тұрақтылығына қауіп төндіргені себепті» алдынғы күні Иранмен дипломатиялық қарым-қатынастарын тоқтатқанын жариялаған болатын.

Буритина тақырыппен байланысты жасаған мәлімдемеде Марокконың орталығы Ливандағы Хизбуллах ұйымы мен Полисарио майданы арасындағы ынтымақтастық себепті Ирандағы өкілетті елшілігін жабуға шешім қабылдағанын және Иранның Мароккодағы өкілетті елшісінің де елден кетуін талап еткенін атап көрсеткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар