Израиль әкімшілігі Иерусалим христиандарын мазалауда

Израиль әкімшілігі Иерусалимде тек қана мұсылмандар емес, христиандарға да тыныштық бермейді.

962534
Израиль әкімшілігі Иерусалим христиандарын мазалауда

Палестидағы басқыншылығын жылдардан бері жалғастырған Израиль әкімшілігі тек қана мұсылмандар емес, аймақтағы христиандарға да қауіп төндіруде.

Радикал тұрғындардың зеріктіру соғысы әсіресе шіркеулерді нысанаға алуда.

Иерусалим муниципалитетінің салық салу жоспары мен шіркеу жерін сату талпынысы христиан қоғамын қинайды.

Ағылшын «The Guardian» газетінің хабарына қарағанда қудалау мен шабуылдар соңғы жылдары артты. Осыған қоса еврей тұрғындардың шабуылдары көбінесе жазасыз қалады.

Православ шіркеуі Яфа қақпасы жақында өздеріне тиесілі мүліктердің қолдарынан тартып алынуына алаңдайды.

Бұрынғы қалада мүлкі шіркеуге тіркеулі кейбір қонақ үй мен асханалардың еврей тұрғындар құрған фирмалардың бақылауына өтуі ықтимал.

Иерусалимде қасиетті құрылыстар салықтан тыс қызмет етуде.

Дегенмен қала кеңесі ақпан айында салықтан босату ережесін жоятын бір шешім қабылдады.

Шіркеулерге өткен кезеңдері үшін 200 миллион долларлық салық қарызы жүктелді.

Христиан қоғамының наразылығының артынан Израиль әкімшілігі бұл шешімін тоқтатуға мәжбүр болды.

Иерусалим православ патриархы Теофилос ІІІ, бірнеше ай бұрын басшылармен байланыстар жүргізді.

Бірақ еврей тұрғындардың басқыншы ұстанымы өзгермеді.



Ұқсас жаңалықтар