БҰҰ делегациясы Араканда болды

Өкілетті елшілерден тұратын бір делегация Мьянманың Аракан уәлаятына барды.

962321
БҰҰ делегациясы Араканда болды

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдердің өкілетті елшілерінен тұратын бір делегация Мьянманың Аракан уәлаятына барды.

БҰҰ ҚК сәуір айындағы кезекті төрағасы Перуның тұрақты өкілі Густаво Меза Гуадра басшылығындағы 15 адамдық делегация Аранкан уәлаятында кездесулер жүргізді.

Мьянманың бас қаласында баспасөз мәслихатын өткізген делегация мүшелері БҰҰ-ға мүше ретінде Мьянма үкіметінің жауапкершіліктерін еске алуы керектігін білдірді.

Густаво Меза Гуадра кездесулері барысында босқындардың оралуы үшін қауіпсіздік шарттарының жақсартылуы және халықаралық ұйымдармен ынтымақтасудың маңызын атап көрсеткендерін айтты.

БҰҰ делегациясы Бангладешке сапарынан кейін Мьянмаға өтіп,  Сыртқы істер министрі және мемлекетті басқаруға жауапты мемлекеттік министр Аунг Сан, Бас штаб басшысы Мин АунгХлаингпен кездескен болатын.



Ұқсас жаңалықтар