Пәкістанда полицияға жанкешті шабуыл жасалды

Куэтта қаласында полиция көлігіне жасалған жанкешті шабуылда 5 полиция қызметкері қаза тапты.

958143
Пәкістанда полицияға жанкешті шабуыл жасалды

Пәкістан-Ауғанстан шекарасында орын алған Куэтта қаласында полиция көлігіне жасалған жанкешті шабуылда 5 полиция қызметкері қаза тапты, 7 полиция жарақат алды.

Пәкістан Қарулы күштері жасаған мәлімдемеде Белужистан уәлаятының бас қаласы Куэттадағы әуе жолы бағытында болған оқиғада алғашқы мағлұматтарға қарағанда 5 полиция қызметкері мерт болды, оқиғада 7 полицияның да жарақат алғаны білдірілді.

Мәлімдемеде Куэттаның Миан Гунди аймағындағы шекара күзету қызметі сарбаздарына жанкешті шабуыл жасауға әрекет жасаған 2 адамның бірдей уақытта қауіпсіздік күштері тарапынан залалсыздандырылғаны білдірілді.

Полиция аймақты қауіпсіздік қоршауына алды.

Куэтта қаласында соңғы бір айдың ішінде Христиандарға және шекара сарбаздарына бағыттап ұқсас шабуылдар жасалған болатын.



Ұқсас жаңалықтар