1 миллиард евролық қосымша көмек береді

Германия сириялықтарға 1 миллиард евро қосымша көмек береді.

958405
1 миллиард евролық қосымша көмек береді

Германия сириялықтарға 1 миллиард евро қосымша көмек береді.

Сирия көмек конференциясына қатысу мақсатымен Брюссельде жүрген Германия Сыртқы істер министрі Хайко Масс елінің Сирия халқы мен көрші елдердегі сириялық  босқындар үшін 1 миллиард евролық қосымша көмек беретінін білдірді.

Ең маңыздысының бейбіт халықтың қауіпсіздігі екенін білдірген Масс Сирияда саяси үрдістің қайта қалыптастырылуы үшін басталған жұмыстарға да қолдау беретіндерін хабарлады.

Неміс Сыртқы істер министрлігінен алынған деректерге қарағанда,  биылғы жылдың екінші жартысында осы ақшаға 300 миллион евро қосуға болады.

Осылайша Германия былтыр уәде берген көмек мөлшеріне жететін болады.

БҰҰ және Еуропа Одағы бірігіп ұйымдастырған Брюссельдегі Сирия конференциясына 80 ел мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда.


Этикеттер: #Германия , #Сирия , #көмек

Ұқсас жаңалықтар