Ирак соғыс ұшақтары Сириядағы террор нысаналарын жойды

Ирак соғыс ұшақтарының Сириядағы террор ұйымы ДАИШ нысаналарына әуе шабуылында араларында ұйым басшылары да бар 36 террорист өлтірілді.

956973
Ирак соғыс ұшақтары Сириядағы террор нысаналарын жойды

Ирак соғыс ұшақтарының Сирияда террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы жасаған әуе шабуылында араларында басшылық кадрлары да бар 36 террорист залалсыздандырылды.

Ирак Қорғаныс министрлігіне қарасты қауіпсіздік медиа орталығы мәлімдемешісі Яхия Ресул жасаған мәлімдемеде «Ирак әуе күштеріне тиесілі ұшақтардың Сириядағы террор ұйымы ДАИШ-ке бағытталған әуе шабуылында нысаналар жойылды» деді.

ДАИШ-тің маңызды бекіністерінің нысанаға алынғанын атап көрсеткен Ресул аталмыш шабуылда ұйымның жоғары лауазымды басшылары да бар 36 террористтің өлтірілгені атап көрсетілді.

Ресул «Әбу Ислам, Әбу Тарык әл-Хамадани, Әбу Мариям әл-Аккави, Әбу Хүсейин, Әбу Ясир және Әбу Джаферидің» өлтірілген ДАИШ-тік террористтер арасында екенін білдірді.

Ирак премьер-министрлік баспасөз офисінен 19 сәуір күні жасалған жазбаша мәлімдемеде «Қарулы күштер қолбасшысының тапсырмасымен соғыс ұшақтары Сирия жерінде террор ұйымы ДАИШ бекіністерін жойды» делінген болатын.



Ұқсас жаңалықтар