Кабулда жанкешті шабуыл

ДАИШ террор ұйымы мойындаған жанкешті шабуылда 31 адам қаза тапты.

956702
Кабулда жанкешті шабуыл

Ауғанстанның Кабул қаласында террор ұйымы ДАИШ жасаған жанкешті шабуылда 31 адам қаза тапты.

Кабулдың Кале-и Назыр аймағында бір сайлау орталығы нысанаға алынды.

Жанкешті сайлау үшін куәліктерін алуға жиналған жазықсыздарды нысанаға алып, үстіндегі бомбаны жарды.

Шабуылда 50-ден астам адам жарақат алды.

Лауазымдылар кейбір жаралылардың ауыр күйде болғанын, қаза тапқандар санының артуы мүмкін екенін білдірді.

Шабуылдың жауапкершілігін террор ұйымы ДАИШ мойындады.

Ауғанстанда 20 қазан күні өткізілуі жоспарланған депутаттық сайлау үшін сайлаушыларды тіркеуге алу жұмыстары өткен апта басталған болатын.



Ұқсас жаңалықтар