Израиль Газа секторына әуе шабуылы жасады

Хузаа ауданына Израиль жасаған әуе шабуылында біреуі ауыр 4 палестиналық жарақат алды.

953701
Израиль Газа секторына әуе шабуылы жасады

Газа секторының Хан Юнус қаласының шығысындағы Хузаа ауданына Израиль жасаған әуе шабуылында біреуі ауыр 4 палестиналық жарақат алды.

Хузаа ауданына жасалған ауыр шабуылдардың түңгі уақытта жүзеге асқаны білдірілді.

Палестиналықтар «42-ші топырақ күні» іс-шаралары аясында 30 наурыз жұма күнінен бері қоршау Израиль қоршауындағы Газа секторы шекарасында бейбітшіл шерулер ұйымдастыруда.

Израиль әскерлері болса айдалғандары жерлерге қайта оралуды және 2006 жылдан бері Газа секторына жасалған заңсыз қоршаудың жойылуын талап еткен жазықсыз адамдарға оқ жаудыруда.

Шерулер басталған күннен бері 35 палестиналық шәйіт болды, 3 мыңнан астам палестиналық жарақат алды.

Палестиналықтар «Ұлы көш шеруі» деп атағандары бейбітшіл шерулерін иаиыр айының ортасына дейін жалғастыруды жоспарлайды.



Ұқсас жаңалықтар