Испанияда 300 мың адам шеруге шықты

Испанияның Барселона қаласында бас қосқан 300 мыңнан астам адам түрмеге қамалған католондық 9 саясатшының босатылуын талап етті.

952226
Испанияда 300 мың адам шеруге шықты

Қаланың танымал орындарының бірі «Avenida Paralel» алаңында жиналған адамдар тәуелсіздік жақтаушысы саясат қайраткерлерінің қамалуына себеп болған сот процестерін айыптады.

«Сізді үйде көргіміз келеді», «Қамаулы саясат қайраткерлеріне еркіндік» деп ұрандатқан қалың жұрт 6 сәуір күні Германия соты тарапынан шартты түрде еркін жіберілген Каталония Автономиялық Аймағының бұрынғы басшысы Чарльз Пуигдемонд үшін де «Президент Пуигдемонд» деп ұран тастады.

Мұның алдындағылардан басқаша болып өткен шерудің бір ерекшелігі де тәуелсіз емес партиялар мен кәсіподақтардың қатысуы.

Аймақта қазан айында болып өткен және заңсыз деп жарияланған тәуелсіздік үшін бүкілхалықтық референдумның артынан кейбір саясат қайраткерлері тұтқындалған болатын.



Ұқсас жаңалықтар