Иракта Түрікмен майданы керуеніне шабуыл

Иракта бомба тиелген көліктің жарылуы салдарынан 1 адам қаза тапты, 11 адам жарақат алды.

952232
Иракта Түрікмен майданы керуеніне шабуыл

Киркук полициясы директоры Али Кемал жасаған мәлімдемеде «Киркуктың Хадра ауданында авто галерея алдында аялдаған бомба тиелген бір көлік Киркук Түрікмен майданы депутаттық сайлау үміткері Аммар Кахияның керуені өтіп бара жатқан кезде жарылды» делінді.

Аммар Кахияның шабуылдан жара алмай құтылғанын атап көрсеткен полиция директоры шабуылда жазықсыз бір адамның қаза тапқанын, араларында түрікмендердің депутаттық сайлаудағы үміткері Кахияның 2 қорғаушысы да бар 11 адамның жарақат алғанын мәлімдеді.

Бомба тиелген көліктің даңғылға кімдер тарапынан қалдырылғанын қазірше анықталмағанын атап көрсеткен Али Кемал жарылыстың ықпалымен аймақтағы 3 көлікке зиян келгенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар