Ресейдің қарар жобасы қабылданбады
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі кезектен тыс бас қосты.
Ресейдің АҚШ, Ұлыбритания және Францияның Сириядағы әуе операцияларын айыптауды сұраған қарар жобасы қабылданбады.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ресейдің талабымен кезектен тыс жиналды.
АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Ники Хэлли жиналыста сөйлеген сөзінде "Ұлыбритания, Франция және АҚШ кек алу, жазаландыру немесе құқай көрсету үшін емес, Сириядағы биліктің адамдыққа жатпайтын қырғынын қайталауын және химиялық қару қолдануына кедергі жасауа үшін қозғалды" деді.
Дипломатияға бірнеше мәрте мүмкіндік бергендерін білдірген Хэлли "Сирия билігі химиялық қару қолдануды жалғастыру арқылы бізді қозғалуға мәжбүр етті" деді.
Ұқсас жаңалықтар
Лондон-Сингапур рейсі турбуленттілікке кіріп, 1 адам қаза тапты
Сингапур әуе жолдары ұшағының Суварнабхуми халықаралық әуежайына шұғыл қонғаны хабарланды.
Лавров Палестина мемлекетін құрудың маңызына тоқталды
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанда баспасөз мәслихатын өткізді.