Сербияда әскери ұшу жаттығу ұшағы құлады

Сербия әуе күштеріне тиесілі «Super Galep G-4» әскери жаттығу ұшағы Ковочича ауданы маңында құлады.

949151
Сербияда әскери ұшу жаттығу ұшағы құлады

Сербия әуе күштеріне тиесілі «Super Galep G-4» әскери жаттығу ұшағы елдің орталық аймағындағы Ковочича ауданын маңында құлады.

Сербия Қорғаныс министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Ұшу сынақ орталығы ұшқыштарының бақылауындағы ұшақтың жергілікті уақытпен 09.50-де құлағаны білдірілді.

Әскери ұшу жаттығу ұшағы құлаған аймаққа жедел құтқару топтары жіберілгені атап көрсетілген мәлімдемеде екі ұшқыш автоматты лақтыру жүйесімен ұшақтан секіргені атап көрсетілді.

Министрлік мәлімдемесінде ұшқыштардың жағдайы жайлы терең мағлұмат берілмесе де жергілікті баспасөз ұшқыштардың бірінің қаза тапқанын, екіншісінің жағдайының ауыр екенін жариялады.



Ұқсас жаңалықтар