Швейцария полициясынан YPG/PKK жақтаушыларына операция

Террор ұйымы жақтаушыларына қарсы пластикалық оқ қолданған Берн полициясы 239 адамды тергеуге алды.

947153
Швейцария полициясынан YPG/PKK жақтаушыларына операция

Швейцарияның бас қаласы Бернде бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-ның рұқсатсыз шеру ұйымдастырған жақтаушыларына полиция пластикалық оқтармен қарсылық берді.

Зәйтүн бұтағы операциясын сылтауратып, бірнеше айдан бері Швейцарияда рұқсатсыз шерулер ұйымдастырған террор ұйымы жақтаушыларына осы жолы полиция қатаң түрде қарсылық қайтарды.

Қаланы соғыс майданына айналдырған YPG/PKK жақтаушыларына пластикалық оқпен қарсылық берген Берн полициясы 239 адамды тергеуге алды.

Швейцария ресми ақпарат көздеріне қарағанда шамамен 400 шақты YPG/PKK жақтаушысы Берн пойыз вокзалынан парламент алаңына қарай шеру ұйымдастырды.

Полицияның тұтқындауларға себеп болатын қимыл-әрекеттерден аулақ болу үшін жасаған ескертуді елемеген террор жақтаушылары Берн қала орталығында қауіпсіздік қызметкерлерімен қақтығысты. Қолдарындағы бояулар, ағаштар және басқа да заттармен ғимараттарға зиян келтірді.

Полиция террор ұйымы жақтаушыларын пластикалық оқпен тарқатты.

YPG/PKK террор ұйымы жақтаушылары қалаға жүз мыңдаған долларлық зиян келтірді. Полиция 63 әйел барлығы 239 адамды тергеуге алды.

Швейцария баспасөзі YPG/PKK террор ұйымы жақтаушыларының Швейцарияда ақпан айында да Түркияның Цюрих бас консулдық ғимаратына шабуылдағаны жайлы мағлұматты оқырмандарымен бөлісті.



Ұқсас жаңалықтар