«YouTube» компаниясы қызметкерлеріне шабуыл жасалды

«YouTube» компаниясының штаб-пәтерінде белгісіз әйел оқ атып, үш адамды жарақаттады.

944198
«YouTube» компаниясы қызметкерлеріне шабуыл жасалды

Калифорнияның солтүстігіндегі Сан-Брунода орналасқан жаһандық бейне көрініс желісі «YouTube» компаниясының штаб-пәтерінде белгісіз әйел оқ атып, үш адамды жарақаттады. Шабуылда 1 адам қаза тапты, 4 адам жарақат алды.

Сан-Бруно полициясының бастығы Эд Барберинидің мәлімдеуінше, полиция жарақат алған үш адамнан бөлек, тағы бір әйелді тапты. Ол өз-өзіне қол жұмсаған көрінеді. Сол үшін сол әйелге күдік тағылып отыр.

Оқиғамен байланысты тергеудің жылдамдықпен жалғастырылғанын атап айтқан Барберини аталмыш әйел мен оқиғаның себеп салдары жайлы мәлімдеме жасамады.

АҚШ баспасөзінде күдіктінің 39 жасар Насим Нажафи Агдам екені білдірілді. CNBC телеарнасының хабарлауынша Агдамның шабуыл кезінде 9 милиметр калибрлік бір тапанша қолданғаны, оқиғаның террор шабуылы емес екені атап көрсетілді.

АҚШ президенті Дональд Трамп твиттер парақшасынан жасаған мәлімдемеде оқиға жайлы өзіне мағлұмат берілгенін атап, «Көңіліміз бен дұғаларымыз оқиғада зардап шеккендермен бірге» деп жазды.

Google кампаниясының жоғары лауазымды директорларының бірі Сундар Пичай оқиғаны «қорқынышты бір шабуыл» деп атады және жаралылардың жанұяларына қолдау үшін бар көмекті көрсететіндерін білдірді.

YouTube кампаниясының директоры Зюзан Вусиски болса жеке твиттер парақшасынан оқиғада жарақат алған және зардап шеккендерге қолдау көрсетілгенін атап, «бұл қайғылы кезеңді бірге артта қалдырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар