Қытайдың «Аспан сарайы-1» стансысы Жерге құлады

Қытайдың ұзындығы 10,4 метр,  салмағы 8 тонна «Аспан сарайы-1» стансысы Жерге құлады.

942293
Қытайдың «Аспан сарайы-1» стансысы Жерге құлады

Қытайдың алғашқы «Тяньгун-1» ғарыш зертханасы («Аспан сарайы-1») Тынық мұхитының орталық айдынында Жер атмосферасына енді.

Қытай  ғарыштық инженерлік офисінен жасалған мәлімдемеге қарағанда «Аспан сарайы-1»-дің дүйсенбі күні шамамен сағат 08:15-те Тынық мұхитының орталық айдынында Жер атмосферасына енген.

Ұзындығы 10,4 метр,  салмағы 8 тонна «Аспан сарайы-1»-дің  Жер атмосферасына енген кезде көп бөлігінің жанып, бөлшектенгені мәлімденді.

 «Аспан сарайы-1» 2011 жылдың 29 қыркүйегінде ұшырылған еді және 2016 жылдың наурызында өз қызметін аяқтағаннан кейін қолданыстан шығарылды.

 Қытайлық лауазымдар жұма күні жасаған мәлімдемесінде ғарыш станциясының авиацияның қызметіне немесе Жердің бетіне зиян келтірмейтінін айтқан еді.

«Аспан сарайы-1»-дің Түркияға құлауы ықтималы да бар.


Этикеттер: #Қытай , #ғарыш

Ұқсас жаңалықтар