Синджарда PKK-ға қарасты топтар әрекеттерін жалғастыруда

Пешмерга қолбасшылығынан Касым Шешо «Синджарда қарулы топтардың саны мыңнан астам» деді.

939930
Синджарда PKK-ға қарасты топтар әрекеттерін жалғастыруда

Шешо «Синджарда қарулы топтардың саны мыңнан астам» деді.

Иракта Мосулдың Синджар ауданында міндет атқарған Пешмерга қолбасшылығынан Касым Шешо бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға қарасты түрлі ат жамылған қарулы топтардың аймақта әрекеттерін жалғастырғанын айтты.

Шешо «PKK-ға қарасты қарулы топтар түрлі ат жамылып Синджарда әрекеттерін жалғастыруда. Олар Хашди Шабимен селбесу ішінде» деген сөздер қолданды.

Ирак армиясының Синджар аудан орталығы және Синун қалашығында орналасқанын мәлімдеген Шешо «Алайда PKK-ға қарасты қарулы топтардың Синджарды тастап кетіп кетпеуі әлі анық емес» деді.

Шешо «Синджарда қарулы топтардың саны мыңнан астам» деді.


Этикеттер: #Ирак , #PKK

Ұқсас жаңалықтар