«PKK-ның Синжар аймағынан шегінгенін көргіміз келеді»

АҚШ Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис журналисттерге күн тәртібін бағалады.

939090
«PKK-ның Синжар аймағынан шегінгенін көргіміз келеді»

АҚШ Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның Ирактың Синжар аймағындағы болмысының Түркияға қауіп төндіргенін атап, «PKK-ның Синжар аймағынан шегінгенін көргіміз келеді» деді.

Джеймс Мэттис Қорғаныс министрлігіндегі (Пентагон) баспасөз офисінде журналисттерге күн тәртібін бағалады.

Мэттис журналисттердің сұрақтарына жауап қайтармастан бұрын Ирактың солтүстігіндегі Синжар аймағында PKK террор ұйымының болмысымен байланысты мәлімдемелер жасады.

Мэттис тақырыппен байланысты «Солтүстік Иракта шекараның дәл қарсы алдында орын алған Синжарда PKK-ның Түркияға бағытталған қауіп бар. Баршаға мәлім PKK АҚШ тарапынан бір террор ұйымы ретінде танылады. Көптеген жазықсыз түрік азаматы өлтірілді және PKK-ның Синжар аймағынан шегінгенін көргіміз келеді» деді.

Түркияның PKK-ға бағыттап Синжар аймағында жасайтын бір операцияға АҚШ-тың қолдау беріп бермейтіні жайлы бір сұраққа Мэттис болашақтағы операциялары үшін ақпарат бөліспейтінін атап айтты.

Түркияның Сирияның Африн аймағында болса тұрақтылығын жалғастырғанын білдірген Мэттис Манбиджке бағытталған кезкелген бір қозғал байқалмағанын, сол жер туралы Түркиямен мәселесіз келіссөз жүргізгендерін атап, «Бұл мәселені шеше алатынымыз тақырыбында сенімдімін. Бұдан бұрында қиын уақыттарымыз болды» деді.

Мэттис «Түркияның Манбилджте ниеті ашық. Түріктер Манбиджке кіруді және  YPG топтарының ауданнан шығарылуын талап етуде. АҚШ-тың бұған қалай қарайды? АҚШ осында нені ұсынады?» деген сұраққа қайтарған жауабында «Түркия бір НАТО елі және одақтасымыз. Біз бір-бірімізбен жұмыстанамыз. Сирияда әсіресе кейбір тақырыптарда маңызды келіспеушіліктеріміз де болды. Дегенмен бұл кездесулер мен байланысымызға зиян келтірмеді. Бұл да шешімін табады. Алдында да айтқанымдай мұны баспасөз арқылы емес, бетпе-бет сөйлесуді қалаймын. Бұл тақырып түріктер үшін аса маңызды. PKK-лық террористердің қолынан қаза тапқан  көптеген жазықсыз адам бар. Сирияда біңз жасап отырған нәрсе ДАИШ террор ұйымын жою» деді.



Ұқсас жаңалықтар