Идлибтегі әуе шабуылында 42 адам ажал құшты

Идлиб аймағындағы әуе шабылуында 42 адам ажал құшты, 72 адам жарақат алды.

935774
Идлибтегі әуе шабуылында 42 адам ажал құшты

Сирияның Идлиб аймағы ішінде орын алған Харем ауданындағы бір базар орнына ұйымдастырылған әуе шабылуында 42 адам ажал құшты, 72 адам жарақат алды.

Идлиб азаматтық қорғаныс басқармасы басшысы Мұстафа Хаж Юсуф «Кешкі уақыттарда Харем ауданындағы базар орнына ұйымдастырылған әуе шабылуында 42 адам ажал құшты, 72 адам жарақат алды» деді.

Азаматтық қорғаныс топтары іздеу және құтқару жұмыстарын жалғастыруда. Қаза тапқан адамдар санының көбеюінен алаңдауда.

Сириялық оппозицияларға тиесілі ұшақ бақылау орнынан жасалған мәлімдемеде де «Базадан ұшқан орыс соғыс ұшақтары Харем ауданына шабуыл жасады» деген сөздер қолданды.

Соңғы екі аптада Идлиб және Хама аймақтарындағы елді мекендерге ұйымдастырылған әуе шабуылында 98 адам қаза тапты,134 адам да жарақат алды.


Этикеттер: #Сирия , #Идлиб

Ұқсас жаңалықтар