Қытайда жаңа кабинет

Қытай Халық Республикасының премьер-министрі болып Ли Кечиян сайланды.

932637
Қытайда жаңа кабинет

Қытай Халық Республикасының премьер-министрі болып Ли Кечиян сайланды.

Бүгін Бүкілқытайлық 13-ші шақырылымының халық өкілдері жиналысының тарихи 1-ші сессиясында КХР Мемлекеттік кеңесі премьерлері мен министрліктер және ведомство басшыларының кандидатуралары мақұлданды.

Сессия аясында премьер-министр болып Ли Кечиян сайланды. Одан кейін Ли Кечиян тарапынан вице-премьерлері, мемлекеттік хатшысы және министрлердің тізімдері Мемлекет басшысы Си Цзиньпин тарапынан бекітіліп, Президенттік бұйрығымен тағайындалды.

Мемлекеттік кеңестің бірінші вице-премьері қызметіне Шанхай қаласы парткомитетінің экс-басшысы Хань Чжень тағайындалды. Мемлекеттік кеңестің жауапты хатшысы лауазымына Сяо Цзе бекітілді. Сыртқы істер министрі - Ван И. Қорғаныс министрі генерал - Вэй Фэнхэ. Даму және реформалар комитетінің төрағасы - Хэ Лифэн. Денсаулық министрі  - Чэнь Баошэн. Ғылым және технология министрі - Ван Чжиган Өнеркәсіп және информатизация министрі - Мяо Вэй. Ұлттар ісі бойынша Мемлекеттік комитеттің басшысы - Батыр. Чжао Кэчжи - қоғамдық қауіпсіздік министрі. Чэнь Вэньцин - мемлекеттік  қауіпсіздік министрі. Хуан Шусянь - азаматтық әкімшілік министрі. Фу Чжэнхуа - әділет министрі. Лю Кунь қаржы министрі болып сайланды. Лу Хао жаңадан құрылған Экологиялық орта министрі  болып тағайындалды. Ли Ганьцзе - экологиялық орта министрі. Ван Мэнхуэй - тұрғын үй, қала және ауыл құрылысы министрі. Ли Сяопэн - көлік министрі. Э Цзинпин -су шаруашылығы министрі. Хань Чанфу - ауыл шаруашылығы министрі. Чжун Шань - коммерция министрі. Ло Шуган  - туризм және мәдениет министрі. Сунь Шаочэн - жаңадан құрылған ардагерлері ісі жөніндегі министрлік басшысы. Ван Юйпу - ТЖ министрі.



Ұқсас жаңалықтар