Сирияда орыс жүк ұшағы апатқа ұшырады
Ресей Қорғаныс министрлігі ұшақтағы 33 жолаушы мен 6 экипаждың қаза тапқанын мәлімдеді.
924259
![Сирияда орыс жүк ұшағы апатқа ұшырады](http://cdn.trt.net.tr/images/xlarge/rectangle/6fd8/1840/0224/5a9f89585d9a2.jpg?time=1719103291)
Ресей Қорғаныс министрлігі «Антонов-26» типі жүк ұшағының Сириядағы Хымеймим әуе базасының маңында құлағанын және ұшақтағы 33 жолаушы мен 6 экипаждың қаза тапқанын мәлімдеді.
Мәлімдемеде алғашқы мағлұматтарға қарағанда ұшаққа бағытталған кезкелген бір шабуыл жасалмағаны аталып, апатпен байланысты тергеу басталғаны атап көрсетілді.
Апатта адамдардың қаза тапқанына орын берілген мәлімдемеде жолаушылардың барлығының орыс армиясына қарасты әскери қызметкерлер екені білдірілді.
Ресей Қорғаныс министрлігі апатпен байланысты алдында жасаған мәлімдемеде ұшақтағы 26 жолаушы мен 6 экипаждың қаза тапқанын жарияланған болатын.