Шығыс Гутада шабуыл жалғасуда

Кешегі шабуылдарда 10 адам қаза тапты.

924275
Шығыс Гутада шабуыл жалғасуда

Сирияда Асад жасақтары мен қолдаушылары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің гуманитарлық бітім шешіміне қарамастан Шығыс Гутаға шабуылдауын жалғастыруда. Шабуылда 10 адам қаза тапты.

Азаматтық Қорғаныс деректеріне қарағанда,  Асад жасақтары мен қолдаушыларының оппозицияның бақылауындағы Шығыс Гутаға 19 ақпан-5 наурыз арасында жасаған шабуылдарында қаза тапқан азамат саны 824 болды.

Шығыс Гутада кешегі шабуылдарымен бірге соңғы 16 күнде қаза тапқан бейбіт халық саны 834-ке жетті.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 24 ақпан күнгі шешімінде Шығыс Гута бастаған Сирия көлемінде бейбіт халық үшін атысты тоқтату келісімінің жариялануын сұраған болатын. «Кешіктірілместен» орындалуына шешім берілген бітімнің қалай басталатыны болса белгісіз болып қалған еді.

Ресей 27 ақпан күні бітімнің күн сайын сағат 09.00-14.00 арасында өтімді болатын түрде басталғанын жариялап,  Асад әкімшілігінің осыған бағынатынын алға тартқан еді.

Оппозициялық топтың бақылауындағы Шығыс Гутада 400 мың адам бес жылдан бері қоршауда өмір сүріп келеді.



Ұқсас жаңалықтар