АҚШ-тан Түркияға алғыс

АҚШ Анкарадағы өкілетті және төтенше елшілігін нысанаға алған террор шабуылының алдын алған Түркияға алғысын білдірді.

924299
АҚШ-тан Түркияға алғыс

АҚШ Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Хеатер Науерт АҚШ-тың Түркиядағы өкілетті және төтенше елшілігіне бағыттап жасалатын террор шабуылын алдын алғаны үшін түрік үкіметі мен қауіпсіздік күштеріне алғыс айтты.

Министрлік мәлімдемешісі Хеатер Науерт баспасөз жиналысында тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

Науерт «Өкілетті елшілігіміз кеше консулдық және виза қызметін тоқтатқан болатын. Бүгіннен бастап елшілігіміз қайта жұмысын бастады. Түрік үкіметіне, полиция мен қауіпсіздік күштеріне шабуылдың алдын алғаны үшін алғысымызды білдіреміз» деді.

Тергеу кезеңінде тұтқындалған күдіктілермен байланысты қойылған бір сұраққа Науерт «Егер бұл жалғасып жатқан тергеу процесі үшін қажетті және ықпалын тигізетін болса, онда өздеріне алғысымызды білдіреміз» деді.

Шабуыл жоспарына қатысы бар Ирак азаматы және террор ұйымы ДАИШ-тің мүшесі 4 күдікті ұсталған болатын.



Ұқсас жаңалықтар