Трамп Меркель мен Макронға телефон шалды

Трамп  Меркель мен Макронға «Гуманитарлық атысты доғару» шешімінің атқарылуы керектігін түсіндірді.

921938
Трамп Меркель мен Макронға телефон шалды

Трамп  Меркель мен Макронға «Гуманитарлық атысты доғару» шешімінің атқарылуы керектігін түсіндірді.

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп Германия премьер-министрі Ангела Меркель және Франция президенті Эммануэль Макронға телефон шалды. Телефонда Асад режимі мен Ресей және Иранның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі тарапынан жасалған «гуманитарлық атысты доғару» шешімін дереу атқару керектігін түсіндірді.

Ақ Үйден жасалған жазбаша мәлімдемеде Трамптың Меркель және Макронмен телефондағы әңгімелерінде Сирия тақырыбының қолға алынғаны білдірілді.

Мәлімдемеде «Әрі премьер-министр Меркель, әрі президент Макрон Сирия режимі мен оның қолдаушысы Ресей және Иранның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2401 нөмірлі атысты доғару шешімін дереу атқару тақырыбында президент Трамппен келісті» делінді.

Мәлімдемеде сонымен қатар «Лидерлер Ресейге Шығыс Гутаны бомбалауды тоқтатуы және Асад режимінің елді мекендерге жасаған шабуылдарын доғаруы жөнінде үндеу тастады» деген сөздерге орын берілді.

 


Этикеттер: #АҚШ , #Германия , #Франция

Ұқсас жаңалықтар