Рамаллада АҚШ-қа қарсы наразылық акциясы
Палестиналықтар АҚШ өкілдіктерінің жабылуын талап етті.
920477
Палестиналықтар басқыншылық астындағы Батыс Шериядағы АҚШ өкілдіктерінің жабылуын талап етті.
Батыс Шерияның Рамалла қаласындағы Америка Мәдениет орталығының алдында наразылық акциясы ұйымдастырылып, азаматтар басқыншылық астындағы Палестина жеріндегі АҚШ-тың қауіпсіздік, саяси, мәдени және экономикалық өкілдіктерінің жабылуын сұрады.
Шерушілер Америка Құрама Штаттарының Палестина проблемасында Израильді қолдайтын саясаттарын сынады.
Олар Палестина әкімшілігін елдегі АҚШ қызметкерлерін де қуып шығуға шақырды.
Шерушілер «Иерусалим- Палестинаның бас қаласы», «АҚШ басқыншы елдің шабуылдарының ортағы» деп ұран тастады.
Ұқсас жаңалықтар
Газада қаза тапқандар саны 44 мың 580-ге жетті
Бұл туралы Газадағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.