Шығыс Гутада гуманитарлық дәліз ашылды

Бұл туралы Сергей Лавров хабарлады.

920010
Шығыс Гутада гуманитарлық дәліз ашылды

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сирияда Башар Асад жасақтарының қоршауындағы Шығыс Гутада гуманитарлық дәліз ашылғанын айтты.

Лавров ендігі кезекте гуманитарлық көмек және азаматтардың эвакуациясына кедергі болған сарбаздардың әрекеттерін тоқтату бар екенін білдірді.

Женевадағы БҰҰ Адам құқықтары кеңесінің 37-ші отырысына қатысқан Лавров Сирияның Танф және Рукбан босқын лагерьлеріндегі жағдайға тоқталды.

Лавров АҚШ басшылығындағы халықаралық коалицияны аймақтың барлық жеріне қолжетімділік қамдауға шақырды.

Ол БҰҰ және Халықаралық Қызыл крест комитетінен бір-бір делегацияның Раккаға баруы керектігін айтты.

Сонымен бірге орыс министр барлық елдерді террористтерді «жақсы/жаман» деп бөле жармауға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар