АҚШ-тағы тікұшақ апатында 3 адам мерт болды

Оқиғада 4 адамның жарақат алғаны білдірілді.

908303
АҚШ-тағы тікұшақ апатында 3 адам мерт болды

АҚШ-тың белгілі туристік орталықтарының бірі Гранд Каньонда (Grand Canyon) 7 адам мінген бір тікұшақ құлады. Апатта 3 адам қаза тапты.

KPNX телеарнасының хабарына қарағанда апат жергілікті уақытпен 17:20-да болған.

«Eurocopter EC130» типі тікұшаққа мінген 6 жолаушы, 1 ұшқыш барлығы 7 адамнан үшеуі қаза тапты. Оқиғада 4 адамның жарақат алғаны білдірілді.

Тікұшақтың неліктен құлағаны қазірше белгісіз.



Ұқсас жаңалықтар