Әуе шабуылында 9 адам қаза тапты

Гута Гута аймағына ұйымдастырылған әуе шабуылында 9 адам қаза тапты.

907831
Әуе шабуылында 9 адам қаза тапты

Гута Гута аймағына ұйымдастырылған әуе шабуылында 9 адам қаза тапты.

Сирияда Башар Асад режимі жасақтары Шығыс Гутаны бомбалады. Гута аймағына ұйымдастырылған әуе шабуылында 9 адам қаза тапты.

Іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастырған азаматтық қорғаныс топтары қаза тапқан азамат санының артуы мүмкін екенін білдірді.

2017 жылдың 29 желтоқсан күнінен бергі 43 күнде Шығыс Гутада бомбалау барысында қаза тапқан адам саны 524 болды.  Жаралы саны екі мыңға жақындады.

Оппозицияның қолындағы Шығыс Гутада шамамен 400 мың адам тұрады.

Аймақта гуманитарлық дағдарыс ушықты, мыңдаған науқас эвакуациялануды күтуде. Науқастардың көбі балалар немесе ісік ауруына шалдыққандар.

 



Ұқсас жаңалықтар