Франция қалың қар салдарынан шығынға ұшырады

Тоқтамай жауған қар салдарынан Париждегі Эйфель мұнарасы уақытша жабылды.

907827
Франция қалың қар салдарынан шығынға ұшырады

Тоқтамай жауған қар салдарынан Париждегі Эйфель мұнарасы уақытша жабылды.

Францияда тоқтамай жауған қарға байланысты 110 фирманың экономикалық жақтан қиыншылық шеккенін білдіріп, үкіметтен жәрдемін талап етті.

L’Express журналының интернет айтында орын алған хабарда тоқтаусыз жауған қардың экономикаға болымсыз ықпал жасағаны қолға алынды.

Енді бір жағынан тоқтамай жауған қалың қарға байланысты Париждегі Эйфель мұнарасы уақытша жабылды.

Жұмысшылар қар мен мұзды күрекпен тазалап жатыр, мұнараның баспалдақтары мен алаңшалары қар мен мұздың құрсауында тұр. «Ауа-райының қолайсыздығына байланысты жұма, сенбі күндері Эйфель мұнарасы уақытша жабылады» деп жазылған.

Ұлттық құрлық тасымалдау одағынан жасалған мәлімдемеде мемлекет көлемінде 8 мыңнан астам камаз бен пойыздың жолға шығуға тыйым салынғаны, сонда-ақ күнделікті экономикалық шығынның 60 мың евро болғаны мәлімденді. 



Ұқсас жаңалықтар