Франция қорғаныс бюджетін арттырды

Ел қорғанысқа 2023 жылы 39,6 миллиард евро бөледі.

907108
Франция қорғаныс бюджетін арттырды

Францияда қорғаныс бюджетінің 2022 жылға дейін жыл сайын 1,7 миллиард және 2023 жылы 3 миллиард евро арттырылып,  барлығы 39,6 миллиард евро болуы үшін заң жобасы дайындалды.

Президент Эммануэль Макрон басшылығында жиналған Министрлер кабинеті жиналысынан кейін елдің қорғаныс бюджетіне байланысты дайындалған заң жобасы жөнінде жазбаша хабарлама жарияланды.

Осыған қарағанда,  Франция қорғаныс бюджеті 2022 жылға дейін жыл сайын 1,7 миллиард евро және 2023 жылы 3 миллиард евро артып,  барлығы 39,6 миллиард евроға жетеді.

2019-2023 жылдар үшін бюджет 2014-2018 жылдардың бюджетіне қарағанда 7,4 миллиард евро артты.



Ұқсас жаңалықтар