Орыс ұшақтарының әуе шабуылдары

Орыс соғыс ұшақтары тарапынан жасалған шабуылда 10 адам ажал құшты.

906255
Орыс ұшақтарының әуе шабуылдары

Орыс соғыс ұшақтары тарапынан жасалған шабуылда 10 адам ажал құшты.

Сирияның солтүстігіндегі Идлиб қаласының Маартинуман ауданына қарасты орыс соғыс ұшақтары тарапынан ұйымдастырылған әуе шабуылы кесірінен 10 адам ажал құшты, 20 адам да жарақат алды.

Идлиб азаматтық қорғаныс басқармасы директоры Мұстафа Хаж Юсуф Идлибке әуе шабуылдарының тоқтаусыз жалғасқанын айтты.

Юсуф «Соғыс ұшақтарының Маартинуман ауданына кеше түнде ұйымдастырылған әуе шабуылы кесірінен 10 адам ажал құшты, 20 адам да жарақат алды» деді.

Оппозицияларға тән ұшақ бақылау бөлімшесі қызметкер Ебу Бахр де «Ресей шабуылдарды соғыс ұшақтарымен қатар соғыс кемесі арқылы баллистикалық зымырандармен ұйымдастыруда» деген сөздер қолданды.

Идлиб соңғы екі айдан бері әуе операцияларына душар болуда.

Өткен айдағы шабуылдарда 211 адам мерт болды, 1447 адам жарақат алды. 



Ұқсас жаңалықтар