АҚШ Ирактағы әскер санын азайтады

Террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы жүргізген операциялар азайғаны себепті Ирактағы қолбасшылықтың одан шағын қауіпсіздік күштеріне айналатынын жариялады.

904578
АҚШ Ирактағы әскер санын азайтады

АҚШ террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы жүргізілген операциялар азайғаны себепті Ирактағы қолбасшылық деңгейіндегі операциялық күштен қауіпсіздік күшіне қарай көшетіндерін жариялады.

Ассошиэйтед Пресс (AP) агенттігінен бастап, көптеген баспасөз мекемесінің АҚШ-тың Ирактағы кейбір жасақтарын шегетіні жөніндегі хабарлардың артынан Біріккен қызмет күші табиғи тұрақтылық операциясы (CJTF-OIR) мекемесінен мәлімдеме жасалды.

Жазбаша мәлімдемеде «Мосулды азат етудің артынан қол жеткізілген табыстар себепті коалиция күштері Ирактағы одақтың операциялық күшін ДАИШ-ке қарсы әскери жетістіктерді қорғау мәртебесіне көшіреді» делінді.

Сирия мен Иракта ДАИШ-тің 98 пайыз бақылауындағы жерлерді жоғалтқанын еске салған мәлімдемеде коалиция қолбасшыларының ДАИШ-тің террор шабуылдары әдісіне көшетінін болжағаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар