Террорлық ұйымның шабуылына наразылық білдірді

Террорлық ұйымның шабуылына АҚШ-тан наразылық келді.

901935
Террорлық ұйымның шабуылына наразылық білдірді

Террорлық ұйымның шабуылына АҚШ-тан наразылық келді.

Пентагон мәлімдемешісі Дана Уайт пен Штаб-пәтер басқармасы баспасөз хатшысы, генерал Кеннет МакКензи апталық брифингте журналисттердің сұрақтарына жауап берді.

Кеннет МакКензи Сирияның Африн аймағындағы террорлық элементтерден Түркияға бағытталған шабуылдар жөніндегі бір сұраққа орай: «Түркияны нысанаға алған PKKның барлық шабуылдарын айыптайтындарын» айтты.

Баспасөз хатшысы террорлық ұйымның Сириядағы бір тармағы YPG қалыптастыратын Сирия Демократиялық күштеріне жолданған қаруларды болса ДАИШ-пен күрес толығымен аяқталғаннан кейін ғана жинайтындарын алға тартты.

Пентагон мәлімдемешісі Уайт болса: «Түркия – НАТО елі.  Уайымдары орынды.  АҚШ Сыртқы істер министрлігі PKK-ны террористтік ұйым деп жариялады.  Түркияның шекарасында белсенді қозғалыс бар.  Түркиямен бір оқиғаны әрқашан бірдей қабылдамаймыз.  Бірақ бірге жұмыстанудамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар